Алға қаласы әкімінің сайлауы
Алға қаласы әкімінің сайлауына үміткер
ЖЕКСЕМБАЕВА ӘЛИЯ ЖЕҢІСҚЫЗЫНЫҢ
2025-2029 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер, Алға қаласының сайлаушылары!
Мен, Жексембаева Әлия Жеңісқызы Алға қаласының әкіміне кандидат ретінде тіркелдім. Бұл мен үшін зор жауапкершілік пен үлкен мәртебе. Өзімнің өскен қаламның дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу – менің басты мақсатым.
Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз маған ерекше күш береді. Алға қаласының дамуына бірге атсалысамыз деп сенемін!
Құрметті сайлаушылар!
Менің сайлауалды бағдарламам осы қаланың тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді шешуді қамтиды:
- Алға қ. Жастық, Қазақ, Көкбекті, Елек көшелерін жарықтандыру;
- Сумен жабдықтау объектілерінің резервуарларын салу және Алға қ. ӘЖ-35кВ (Тамды су қабылдағышы) жоғары вольтты электр беру желісін реконструкциялауға ықпал ету;
- Алға қаласының орталық қазандығының түтін құбырына күрделі жөндеу өткізу;
- №1 тұрғын алабының Сүмбіле, Кереге, Лашын, Бозай көшелерінің автомобиль жолдарын салу мақсатында жұмыс жасау;
- Алға қаласының автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Алға қаласының «Лиман» шағын ауданының 3 көшесінің автомобиль жолдарына жоба дайындап, құрылысын қолға алу;
- Kcell интернет мұнарасын орнату Айымбаев, Республика көшелеріне, 3-4 бау бақша ұжымына, №2 тұрғын алабына және Кемер көшесіне Beeline интернет мұнарасын орнату;
- Қаламыздың көшелерінің бойына жылы аялдамалар салу;
- Қаланың кеңеюін ескеріп, қалаішілік қоғамдық көлік ұйымдастыруды қарастыру.
Қымбатты қала тұрғындары!
Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!
Әр таңдау маңызды!
Қолдауларыңызды сұраймын!
Ізгі ниетпен, Әлия Жексембаева
(Кандидаттың үгіт-насихат материалдары аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады)
Алға қаласының әкіміне үміткер
ЖАНДАРБЕК БАҚЫТЖАНҰЛЫНЫҢ
2025-2029 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Қымбатты жерлестер!
Мен, Бақытжанұлы Жандарбек, білімім жоғары, өңбек өтілім 17 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім 6 жыл. Отбасы құрғанмың, 3 баланың әкесімін.
2008 жылдан бері қала тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында түрлі салаларда жұмыс атқарып келемін.
Осы жылдар арасында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында, оның өсіп өркендеуі мен халық арасында тұрақтылықтың сақталуына және азаматтардың таңдау еркінің болуына барынша ынта-жігерімді жұмсап, елдің игілігі жолында жұмыс жасаудамын.
Құрметті сайлаушылар!
Алға қаласының әкіміне кандидат ретінде қатысу туралы шешім қабылдай отырып, келесі мәселелерді сайлауалды бағдарламамда ұсынамын:
- Қаланың ішкі жолдары мен шет аймақтарды (Подхоз, Лиман, Тұрғын массив шағын аудандары) жөндеу, асфальттау, жаяу жүргіншілер жолдарын салу — менің басты жоспарларымның бірі;
- Ағымдағы жылы тағы 8 көшеге асфальт төселіп, қала жолдарының 90%-ы толық жаңарады;
- Күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған 64 үйден бүгінгі күнге 43 үй модернизация бағдарламасымен жөндеуден өтті, 14 үйде жұмыстар жүруде. Қалған үйлердің құжаттары рәсімделуде;
- Жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін әділ, ашық бөлу;
- Алға қаласының жоғарғы бөлігінде Жаңа демалыс паркін салуды жоспарлап, құжаттамаларын дайындау;
- Көпқабатты тұрғын үйлерді электр жарығымен қамтитын 11 шақырым желіні ауыстыру;
- Алға қ. 4 шағын ауданының көп қабатты тұрғын үйлерінің автомобиль жолдары мен үй маңындағы аумақтарына асфальттау жұмыстарын жүргізу;
- Қаланың санитарлық тазалығы мен абаттандыруын тұрғындармен бірлесіп жүзеге асыру — басты қағида;
- Жарықтандыру мәселесі бойынша қаламызда тозығы жеткен бағаналар мен ескірген шамдарын заманауи шамдарға ауыстыру;
- Балалар ойын алаңын салу — балаларымыздың дене, ой және әлеуметтік белсенділік процесін дамыту үшін көп қабатты үйлер мен қоғамдық жерлерге жобаларымыз іске асып басталды;
- Қатты тұрмыстық қалдықтар алаңдарын абаттандыру, бейнебақылау
камераларымен қамтамасыз ету.
- Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау мен жаңа жұмыс орындарын ашу.
Жаңа таңдау — жаңа көзқарас!
Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!
Мен әрқашан байланыстамын!
Ізгі ниетпен,
Жандарбек Бақытжанұлы
(Кандидаттың үгіт-насихат материалдары аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады)
Алға қаласы әкімінің сайлауына үміткер
ЖАНАЛИН БАЙМҰРАТ МАХАМБЕТҰЛЫНЫҢ
2025-2029 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер, Алға қаласының сайлаушылары!
Мен, Жаналин Баймурат Махамбетұлы Алға қаласының әкіміне кандидат ретінде тіркелдім. Отбасы құрғанмын. Екі балам бар. Балаларымды адал болуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйретудемін.
Қаламызды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, жастарға қолдау көрсету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарымда бар.
Алға қаласының өкіміне кандидат ретінде қатысу туралы шешім қабылдай отырып, мен өзін-өзі ұсыну тәртібімен қаламызда бар әлеуметтік, тұрғын үй, абаттандыру мәселелерін шешуге ниеттімін. Менің сайлауалды бағдарламам келесі мәселелерді шешуді қамтиды:
- Қаламызда спорттық инфрақұрылымды дамыту;
- Дене шынықтыру комплексінің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру;
- Алға қаласының орталық қазандығын күрделі жөндеу өткізу;
- Алға қ. №2 жаңа кәріз фекальды сорғы станциясының құрылысы;
- Алға қаласы, Есет батыр, Уәлиханов көшесіндегі өздігінен ағатын кәрізді қайта жаңарту;
- Алға қ. КСС-тен БОС-қа, Бос-тан буландырғыш тоғанға дейінгі арынды кәріз желісіне күрделі жөндеу жүргізу;
- Алға қаласының 19 кешесіне суағар арналарын орнату;
- Алға қаласының «Лиман» шағын ауданының 3 көшесінің автомобиль жолдарына жоба дайындап, құрылысын қолға алу;
- «Подхоз» шағын ауданының 5 көшесінің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындап, құрылысын қолға алу;
- 5 қабатты 60 пәтерлі коммуналдық көп қабатты жаңа тұрғын үй салу;
- Колледж ғимаратын жатақхана ретінде қайта құру;
- Алға қаласындағы орталық стадионға және БЖСМ күрделі жөндеу жүргізу;
- Алға қаласындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу;
- №2 тұрғын алабына 250 орындық жеке балабақша салу.
Ең бастысы дұрыс таңдау жасалып, нәтижелі еңбек жүзеге асырылуы қажет.
Әр азаматтың қолдауы маңызды!
Жас келсе іске!
Ізгі ниетпен, Баймұрат Жаналин
(Кандидаттың үгіт-насихат материалдары аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады)