Президенттің Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізу жөніндегі бастамасы — ел өміріндегі маңызды әрі тарихи кезең. Осы мақсатта Конституциялық комиссия құру арқылы ұсыныстарды жан-жақты талдап, нақты әрі салмақты жобалар әзірлеу көзделіп отыр. Комиссия құрамына әртүрлі сала өкілдерінің енгізілуі қоғам пікірінің ескерілетініне деген сенімді арттыра түседі.
Ал өзгерістерді жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдау — халықтың таңдауын бірінші орынға қоятын, демократиялық қағидаттарға негізделген маңызды қадам.
Қорытындылай келе, Конституция — мемлекеттің басты тірегі. Сондықтан оған енгізілетін кез келген өзгеріс ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай жүзеге асуы тиіс. Әрбір азамат бұл үдерістің маңызын терең түсініп, өз пікірін білдіруге мүмкіндік алса, қабылданатын шешімдер ел болашағына оң ықпал етеді деп сенемін.
Қ.Қоянбаев
Білім саласының ардагері