Адал азамат: тәрбие экожүйесі және
мектеп- отбасы- қоғам синергиясы
Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Алға мектеп гимназиясында жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңа оқу жылының басты жиыны тамыз конференциясы өтті.
Тамыз кеңесі – ұстаздар арасында көп жылдан бері дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес. Бұл – осы заманның заңды айнасына айналған ілім мен білімнің ой салдырар кешегісі мен алдымызда тұрған межесі.
Сондықтан да мұндай басқосулар әлдеқашан бала мен мектеп, ұстаз бен ата-ана қарым-қатынасының сыртындағы үлкен қоғамдық, мемлекеттік мәселелер қозғалатын қордалы алаңға айналған.
Бұл алқалы жиында тек өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, білім саласының алыс-жақын болашағынан хабар беретін тың ой, жаңа көзқарастармен бөліседі.
Маңызды жиынға Алға ауданы әкімі Шүйіншәлиев Асланбек Серікұлы, аудан әкімінің орынбасары Кангужин Болатбек Таңжарбайұлы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Ізбасар Асхат Ізбасарұлы, Аудандық маслихат хатшысы, «AMANAT» партиясы Алға аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілі және ауданның білім бөліміне қарасты мекеме басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен педагог қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында бірқатар аудандық білім саласы қызметкерлері Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің, Ақтөбе облысы білім басқармасының, Алға аудандық білім бөлімінің атынан Алғыс хатпен және “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
2024 – 2025 оқу жылының қорытынды есебімен «Адал азамат: тәрбие экожүйесі және және мектеп- отбасы- қоғам синергиясы» тақырыбындағы баяндамамен білім бөлімі басшының міндетін атқарушы Бүркіталина Гүлшат Тимурқызы баяндама жасап, жаңа оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер нақтыланды. Сонымен қатар 2025 жылдың 14 тамызында Астана қаласында өткен «Адал азамат, тәрбие экожүйесі және мектеп- отбасы- қоғам синергиясы» атты республикалық тамыз саммитіне қатысып, тәжірибе жинақтап келген Мыңжасарова Әлия Есенжолқызы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру болып табылады. Алға ауданы бойынша 14 шағын жинақты мектеп осы жобаға енгізілді. Осы жүйемен тиімді жұмыс жасап жүрген Қарақобда мектеп-балабақшасының директоры Зиядинов Еркінбек Арыстанбайұлы «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Тамыз кеңесі — мемлекетіміздің келешегіне ықпал ететін маңызды басқосулардың бірі. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті , өркениетті ел болудың бірден бір кепілі. Жер бетіндегі жетістіктің барлығы білім мен ғылымның жемісі екендігіне ешкім дау тудырмас. Сауатты, жан жақты, “көзі ашық, көкірегі ояу” ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз.
Марал Сандыбай