Әке – отбасының тірегі
24 қаңтар күні №4 Алға қазақ орта мектебінде 20-31 қаңтар аралығында «Білім басы бастауыштан қаланар, білімменен әлемге жол салынар» тақырыбында бастауыш әдістеме бірлестігі онкүндігінің аясында отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, оқушылардың әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу мақсатында «Әке — отбасының тірегі» атты тәрбиелік мәні зор шара өтті. Шараны ұйымдастырушылар мектеп ұстаздары Н.Н.Назарбаева, Л.Т.Ержанова.
Шара барысында әкелер мен балалар ұлттық ойындар ойнап, психологиялық тренингке қатысып, белсенділік танытты. Ұлттық нақышта ұйымдастырлыған жылулыққа толы кездесуде балаларына үлгі бола білген әкелердің ортаға салған бар өнерлеріне көрермендер тәнті болды. Барлық қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ауыз тиіп, ерекше әсер алды.