АЭС салу- заман талабы. Күнделікті адамның сұранысы артқан заманда ескінің етегінде жүре бергеніміз жөн болмас. Сол себепті, қаншама ғалымдар, осы саланың мамандары айтып отырған пікірлерге құлақ түруіміз қажет.

Бір айдан астам уақыт бұрын жария етілген референдум да келіп жетті. Жарық мәселесін түбегейлі шешу жолын қарастыру үшін қабылданған бұл шешімнің жүзеге асуы сіз бен біздің дауыс беруімізге байланысты.

Сол себепті, тума-туыс, дос-жаран, көрші-көлемді бірлесіп, дауыс беруге шақырайық! Күн сайын алға қарай қадам басып келе жатқан еліміздің ертеңін бүгінгінің табалдырығында қалдырмауымыз керек. Мақсатымыз — даму, міндетіміз-сол бағытта оң шешімдер қабылдай білу екенін ұмытпайық.

 

Синина Роза Жұбанышбайқызы

Есет батыр мектеп-бақшасының

биология пәнінің мұғалімі