Ағымдағы жыл алғалықтар үшін қуанышты жаңалықпен басталды.
Көпбалалы отбасылар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған жандар жаңа баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады.
Мемлекет тарапынан жасалған бұл қолдау халықтың өмір сапасын жақсартуға үлкен үлесін қосуда. Жыл сайын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыстың саны артып, тұрғындардың әлеуеті артуда.
Жаңа жылда жаңа баспанаға қол жеткізген алғалықтардың қуанышы мәңгілік болсын деп тілеймін.
Рыскүл Мынбаева
Мүгедектер қоғамының төрағасы