Акция

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру.

Сондай-ақ күнделікті өмірде зорлық-зомбылықтың кездейсоқ куәгері болған жағдайда, міндетті түрде 102,111 нөміріне хабарласу арқылы Сіз біреудің өмірін сақтап қала аласыз.

З.Даулетова,

Алға ауданы ПБ Әйелдерді

зорлық-зомбылықтан қорғау

тобының инспекторы, полиция лейтенанты