Алаяқтықтан сақ болайық!

Бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып отырған алаяқтық күн санап көбейіп, түрленіп келеді. Ең көп таралған әдісі  – банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, мессенджерге немесе ұялы  телефонға қоңырау шалу.

Белгісіз тұлға әңгіме барысында несие алып, ақшаны қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді.  Бұл нұсқауларды орындағаннан кейін жәбірленуші барлық қаражатын жоғалтады. Алаяқтарды осы қылмысқа итермелейтін жағдай–ол оңай ақша табу. Көбіне олар өз дегеніне жету үшін сенгіш адамдарды пайдаланады. Тіпті, алаяқтар психологиялық тұрғыда адамдарды өте шеберлікпен пайдаланып, ол адамдарды жақсы зерттеп алады, сеніміне кіріп, оңай ақша табудың адам ойына келмейтін тәсілдерін іске асырады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Тамды, Талдысай, Еркінкүш ауылдарының тұрғындарымен  «Алаяқтықтан сақ болыңыз!»  тақырыбында кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Және де ауыл тұрғындарына жадынамалар таратылып тұрады.

«Алаяқтықтан сақ болыңыз!»  тақырыбында  ауыл көшелеріне банер орналастырылып тұрады.

Әлеуметтік желілерге видеороликтер, ақпараттар жарияланып, тұрғындарға ескертілуде.

Сақ болыңыздар және күнделікті қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, өз мүліктеріңізді сақтау үшін барлық шараларды қабылдаңыздар.

Шетеева Эленора Муратовна,

Тамды ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ-сі  бас маманы