Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы және Тамды ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Алға қаласы бойынша:
Бақытжанұлы Жандарбек, 1987 жылы дүниеге келген, «Алға қаласы әкімі аппараты» ММ Алға қаласы әкімінің орынбасары. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Жаналин Баймұрат Махамбетұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бөлім басшысы. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жексембаева Әлия Жеңісқызы, 1988 жылы дүниеге келген, «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бөлім басшысы. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тамды ауылдық округі бойынша:
Мамытханов Қазбек Базарбайұлы, 1994 жылы дүниеге келген,
«Алға қаласы әкімі аппараты» ММ бас маманы. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Мирманов Темірлан Серікұлы, 1995 жылы дүниеге келген, жұмыссыз. Алға ауданы Тамды ауылдық округі, Еркінкүш ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Нуртазин Марат Құдайбергенұлы, 1977 жылы дүниеге келген, «Жерұйық негізгі мектебі» КММ директоры. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «АУЫЛ» партиясы» РҚБ ұсынылған.