Алға ауданында білім бағыты бойынша оң бастамалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы 1 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 2024 жылы 2 жеке жаңа балабақша салынып, ағымдағы жылдың басында біреуі қолданысқа берілді.
Жалпы, ауданда баланың білім алуына толық жағдай жасалған. Көптеген мектептердің кабинеттері заманауи жабдықтармен толықтырылып, мектеп базалары жаңартылды. Бұл бастамалар алдағы жылдары да жалғасын табатыны сөзсіз.

Осы орайда, білімді болашақ тәрбиелеуде мемлекетіміздің алға қойған ауқымды жоспарлары жанымызға үлкен сенім ұялатады. Бұл бастаманың барлығы жастарымызды білімнің биігіне бастары анық.

Б.Ергалиева,
Ардагер ұстаз