Алға ауданында жаңа балабақшалар ашылуда🎉

Алға қаласы мен Бестамақ ауылдық округінде екі жаңа жеке балабақша салынып, біреуі қолданысқа берілді.

Жалпы, жаңа балабақшалар балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы.

Балабақшада балалардың дамуына қажетті барлық ресурстар мен жабдықтар, оқу және ойын алаңдары бар. Әрбір бүлдіршіннің шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын ортаны құруға бағытталған тәрбие мен білім беру бағдарламалары іске асырылуда.

Бұл бастама балаларымыздың болашағына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Алға ауданының білім беру саласындағы маңызды жетістігі болып табылатын жаңа балабақшалардың ашылуы – ауданымыз үшін қуанышты жаңалық!

Бала тәрбиесі – ел болашағы!
Ж.Атамбаева,
Ұстаз