«Денсаулық – зор байлық» демекші, спорт адам баласына қашанда пайдалы. Бұл күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі. Спорт адамды жақсы өмір сүруге жетелейді.

Адамның рухани әлемі де үшін спорт маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жете бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді. Бүгінде волейбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлері дамыған. Ауданымызда спорттық жарыстардан үлкені бар, кішісі бар бірінен-бірі қалысар емес. Біздің жастарымыз қысқы демалыс күндеріне арналған мектепшілік жарыс ұйымдастыруда.

Пайдасы мол дара спорт

Арнайы ойын үстелінде ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі – үстел теннисі. Біздің ауданымызда үстел теннисінен жүлделі орын алып жүрген спортшыларымыз саны артып келеді. Ақтөбе облысының ашық командалық чемпионатында Мерейхан Қаблашев «Найза» командасының құрамында ойнап, үстел теннисінен жүлделі ІІ-орынға ие болды. Жаттықтырушысы А.Сарбупин.

 Есет батыр атындағы спорт кешенінде үстел теннисінен қысқы демалыс күндеріне арналған 2007-2016 жылы туған және кіші жастағы жасөспірімдер мен қыз балалар арасындағы мектепішілік жарыс өтті. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Спорт — мақтанышы

Ептілікті талап ететін тағы бір спорт түрі – волейбол. Қай елде болмасын бұл спорт түрі жақсы дамып, жарыстарда үздік нәтиже беруде. Қаламызда

2009-2012 жылы туған қыздар арасында қысқы демалыс күндеріне арналған жарыс өтті. Жарысқа қала мектептерінің волейбол бөлімінен құралған 5 команда қатысты. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Маржанбұлақ ауылының жастары мен студенттерінің демалысын тиімді пайдалану мақсатында волейболдан ауыл біріншілігі өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Нәтижесінде І-орынды «Ауыл жастары» иеленсе, ІІ-орынға «Ауыл жастары 2» және ІІІ-орынға Маржанбұлақ ОМ ие болды.

Мәншүк Сапарова