Алғыс

Алға аудандық ауруханасы, перзентхана бөлімінің меңгерушісі, дәрігер акушер — гинеколог Кожагалиева  Гулжахан  Сергалиевнаға және

аға мейірбике Ниязова Адина Галымовнаға отбасымның атынан шын жүректен алғыс білдіремін.

Қызымның жарық дүниеге сәби әкелуіне медициналық тұрғыдан жоғары кәсіби шеберліктерін көрсете отырып, себепші болды. Қиналған кезінде қолдау білдіріп, көмек көрсетті.

Гүлжахан Сергалиевна мен Адина Галымовнаға зор денсаулық, еңбектеріне жеміс, бақытты ғұмыр, отбасыларына амандық тілеймін! Әрқашан халықтың алғысына бөленіңіздер!

Ізгі ниетпен,

Алға қаласының тұрғыны

Кадырченова Баян Заилагиевна