Аналар сөзі – тәрбие көзі
Әрбір бала үшін анасының сөзі ең алғаш әрі мәңгілік ұстазы болып табылады. Аналардың жүрек жарды кеңестері мен тәрбиелік сөздері бала болашағына жол сілтейді.
№2 Маржанбұлақ орта мектебінде “Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” “Аналар мектебі” жоспарына сәйкес “Аналар сөзі- тәрбие көзі” тақырыбында аналар Әри Жұмагүл, Бөгенбаева Жанар, Шиндаулова Наталья оқушыларға шебер-класс өткізді.
Мектепте өткізілген «Аналар сөзі – тәрбие көзі» атты шебер класы барысында аналарымыз өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, баланың рухани дамуы үшін қажетті құнды кеңестерін ұсынды.
Шебер-класс барысында аналар қолөнер бұйымдарын, саз балшықтан түрлі әшекей бұйымдар жасау,құрақ көрпе тігу сияқты түрлі жұмыстардың жасау әдістерін үйретіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді.