Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр: Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының базасында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» ҚР Үкіметтінің қаулысы дайындалды.

АЭА құрудың негізгі мақсаттары — жоғары өнімді және бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, өңірлік экономика саласында жаңа технологияларды енгізу, халықты жұмыспен қамту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту.

Арнайы экономикалық аймақ — халық шаруашылығының өз даму ерекшеліктері бар территориялық және экономикалық жағынан біртұтас бөлігі. Ондағы өндіріс орындары өзінің экономикалық құрылымына, оның ішінде еңбек, экономикалық-географиялық жағдайына қарай мамандандырылады. Бұл аймақ шегіндегі өндірістік байланыс тұрақты болады және қарқынды жүргізіледі.