Балалар көзімен –жазғы лагерь
Жаз-шабыттың оянар шағы. Ал балалардың қиялы мен шабыты шексіз екенін жазғы лагерьлер тағы бір мәрте дәлелдеді. Табиғаттың құшағында, достық пен шаттыққа толы күндердің әсерімен олар түрлі- түсті қарындаш пен бояуға жүгінді. Нәтижесінде әр параққа балалық жүрекпен салынған ерекше суреттер дүниеге келді.
«Жұлдыз-Звезда» газетінің жаңа айдары-» Балалар көзімен-жазғы лагерь» дәл осы шығармашылық әлемге тереңірек үңілуге шақырады. Бұл-жәй ғана суреттер емес. Бұл-шексіз қиялдың, қуанышты сәттердің, таза жүрекпен бейнеленген күндердің көрінісі. Бір бала күншуақты көк аспанды бейнелесе, екіншісі отрядпен өткізген қызықты сәтті қағаз бетіне түсірген. Үшіншісі үшін лагерь-достық, шаттық, еркіндік!
Әр сурет- жеке әлем. Әр бояу-баланың ішкі қуанышы мен әсерінің көрінісі.
Біздің газет бетінде жарияланатын осы туындылар арқылы сіз де сол сиқырлы әлемге саяхат жасай аласыз.
СӘНДІГЕРЕЙ АЙБИБІ, Бестамақ ОМ 5″В» кл оқушысы
САТТЫҚ АСЫЛАЙЫМ, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға ОМ 4″Ә» кл оқушысы
САМАТ КӘУСАР, САМАТ АСЫЛАЙ «Жастық жігер» мектептен тыс аула клубының тәрбиеленушілері
ОҢДАСЫН ДІЛДА, Болгар мектеп-бақшасының 5 «А» класс оқушысы
ҚОСТАНОВА РАЙХАН, Тікқайың НМ 6 кл оқушысы
ҚАРАТАЕВ ЖАНӘДІЛ, №4 Алға ОМ 2″Б» класс оқушысы
ӘДІЛХАНОВА АРАЙЛЫМ, №3 Алға қазақ ОМ 4 «А» класс оқушысы
КЕҢЕС ІҢКӘР, №1 Алға мектеп-бақшасының 2 класс оқушысы
БЕРІКОВА НҰРАЙ, Тоқмансай НМ 1 класс оқушысы