БАЛАЛАРДЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАЙЫҚ
Балалардың қауіпсіздігі – кез келген отбасы мен қоғамның ең басты міндеттерінің бірі. Өрт – кенеттен пайда болатын және үлкен қауіп тудыратын төтенше жағдайлардың бірі. Сондықтан балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету, оларды жауапкершілікке баулу – маңызды тәрбиелік жұмыс.
Балалар көбінесе оттың қауіпті екенін толық түсінбейді. Қызығушылықпен сіріңке жағып көру, электр құралдарымен ойнау немесе қағаз, қоқыс жағу кезінде елеусіз қателік үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Сол себепті ата-аналар мен ұстаздар балаларға отты бей-берекет қолдануға болмайтынын ерте жастан түсіндіруі қажет.
Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қарапайым, бірақ маңызды ережелер бар:
- Сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерге қою.
- Электр құралдарын өз бетінше қоспау және сымдарын бүлдірмеу.
- Газ плиталарын, пештерді ата-анасыз пайдаланбау.
- Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау керектігін үйрету.
- Түтін мен жалыннан қашу кезінде еңкейіп жүру және ауыз-мұрынды дымқыл мата арқылы жабу.
Балаларды өрттен қорғау – тек құтқарушылардың немесе ұстаздардың міндеті емес. Бұл – әр ата-ананың тікелей жауапкершілігі. Үйде қауіпсіздік ережелерін орындап, үлгі көрсету – ең тиімді тәрбие.
Алға ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі