Белсенді жастар – берік мемлекет


Жастар – елдің ертеңі, мемлекеттің болашағын айқындайтын ең белсенді әрі жаңашыл күш. Сондықтан еліміздің негізгі заңы – Конституцияны жетілдіру үдерісінде жастардың да пікірінің ескерілуі – біз үшін үлкен жауапкершілік пен зор сенімнің белгісі. Конституция жобасының халық талқылауына ұсынылуы – әрбір азаматқа, әсіресе жастарға өз ойын ашық білдіруге, ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдық өмірге деген қызығушылығын күшейтеді.

Сонымен қатар, мұндай ашық талқылау мәдениеті қоғамдағы өзара сенім мен бірлікті нығайтып, ортақ құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір жас ел тағдырына бейжай қарамай, өз ұсынысы мен көзқарасы арқылы қоғам дамуына нақты үлес қоса алатынын сезінеді. Жаңа өзгерістер жастардың сапалы білім алуына, адал еңбек етуіне, кәсіби және тұлғалық дамуына кең мүмкіндік береді деп сенемін. Бұл – жас ұрпақтың әлеуетін ашып, олардың бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Референдум – еліміздің болашағын бірге айқындауға, ортақ жауапкершілік пен саналы таңдау жасауға берілген тарихи мүмкіндік. Сондықтан әрбір жас бұл үдеріске белсенді қатысып, елдің ертеңіне бейжай қарамайтын саналы азамат екенін дәлелдеуі тиіс. Болашақтың берік іргесі – бүгінгі дұрыс шешім мен бірлескен әрекетте.

 

Мәншүк Сапарова,

тілші