Біздің мақтанышымыз

Қарақобда ауыл күндерінде аралас жекпе-жек боксшысы, жеңіл салмақ дәрежесінің өкілі, ММА бойынша тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы (2018, 2019, 2021), ММА бойынша Азия чемпионы (2019), ММА бойынша Қазақстан чемпионы (2019) Бағдат Жұбаныш алғалықтармен кездесті.

Бағдат Жұбаныш спортқа қалай қадам басқаны, алғашқы қиындықтар мен жеңістер туралы айтты. Кездесу барысында спортшы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарымызға мотивация берді және өзінің жетістіктері арқылы оларды шабыттандырды.

Қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, спортшылардың кәсіби жолдары мен тәжірибелері туралы тереңірек түсінік алды. Бұл кездесу тек спортшылар мен олардың жетістіктеріне ғана емес, жалпы спортқа деген қызығушылықты арттыруға да үлкен үлес қосты.

Негізінде Бағдат Жұбаныш – 115 фунт (52 кг) салмақ дәрежесінде өнер көрсететін және 5 фут (158 см) бойлы Қазақстанның әуесқой ММА спортшысы. Ол ММА әлемінде өз техникалық шеберлігімен танымал.

 Бағдаттың кәсіби мансабы 2018 жылы World Open 2018 және Asian Open 2019 турнирларындағы жоғары нәтижелерімен ерекшеленді. Бұл турнирлерде оның тамаша көрсеткіштері көпшіліктің назарын аударды. Оның техникалық жетілдіруі мен жекпе-жек өнерінің барлық қыр-сырын көрсетуі бағындыратын шыңдарды анықтап, спорт әлемінде өз орнын табуына мүмкіндік берді.

  • Бағдат біздің мақтанышымыз. Оған ауылдағы мектепте дене шынықтырудан сабақ бергенмін. Ауылдың топырағында өскен, қарапайым отбасынан шыққан бала. Мен өте қуаныштымын, шәкірттерім әлемге танымал болып, дәрежелері өсіп, Қазақстанның көк туын аспанда қалықтатып жүрсе, бұл біз үшін үлкен қуаныш, — деді Мадияр Ашықпаев.

Спорттың әртүрлі аспектілерін терең меңгерген Бағдат Жұбаныш жекпе-жек барысында өзіндік тәсілдері мен дағдыларымен ерекшеленеді. Оның тәжірибесі мен техникалық білімдері ММА-да жоғары деңгейдегі спортшы болуға мүмкіндік береді.

Жалпы, кездесу өте өнімді әрі қызықты өтті. Спортқа деген ынтаны арттырып, спортшылардың өмірлік тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік берді. Әсіресе, спортшылардың спортпен айналысудағы негізгі мақсаттары мен өздерінің жеке даму жолдары туралы айтқан әңгімелері көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Олар жеңіс пен жетістіктер тек еңбекқорлық пен табандылықтың нәтижесі екенін атап өтті.

Кездесу соңында ауылдың халқы Бағдаттың жетістіктерін атап өту үшін оны жылқыға мінгізді. Бұл оның спорттағы жетістіктеріне деген құрмет пен мақтаныштарын білдірудің символы болды.

 

Мәншүк САПАРОВА