Болашаққа бағытталған жауапты таңдау

Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасын айқындайтын негізгі құжат. Оны жаңарту – қоғамның дамуына серпін беріп, елдің ертеңіне деген жауапкершілікті терең сезінуді талап етеді. Ұсынылып отырған конституциялық жоба – мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған маңызды қадам.

Ұсыныстар тек қазіргі сын-қатерлерге жауап берумен шектелмейді. Олар болашақ ұрпаққа тұрақты құқықтық орта қалыптастыруды, әділетті қоғам құруды және мемлекеттік институттардың ашықтығын арттыруды көздейді. Қоғамның осы үдеріске саналы түрде қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің және демократиялық мәдениеттің көрінісі.

Конституциялық жаңғыру – жай ғана заң мәтінін түзету емес, елдің стратегиялық даму бағытын айқындайтын шешім. Бұл бастама қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, тұрақты даму қағидаттарын орнықтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір азаматтың көзқарасы мен белсенділігі ел болашағын қалыптастыруда ерекше мәнге ие.

М.Сапарова,

жас белсенді