Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Алға ауданы мансап орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мамандандырылған шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жастар арасындағы жұмыссыздықтың санын жою. Сонымен қатар, азаматтардың біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналасуына ықпал жасау болып табылады. Сондай-ақ, студент жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, тұрғындарды жұмыспен қамту, еңбекке баулу арқылы тұрақты және маусымдық жұмыстарға тарту болып табылады.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты негізінен жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау болды.
Жәрмеңкеге Алға ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі, Алға аудандық жастар ресурстық орталығы, «Ақтөбе облыстық оңалту орталығы» КММ өкілдері қатысты.
Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында көптеген кеңестер берілді. Бұл шараны жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады. Мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тауып, мамандық алған адамдар да көп.
Мәселен, жыл басынан осындай жәрмеңке 4 рет өткізіліп, 83 жұмыс берушілер қатысты. Нәтижесінде 4 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа және 18 адам әлеуметтік жұмыс орнына жолданды. Сондай-ақ, 25 адам жұмысқа орналасу туралы кеңес алды.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында Жәрмеңке нәтижесінде 2 азамат тұрақты жұмысқа жолданып, 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына тіркелді, 5 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа ниет білдірді, 3 мекеме әлеуметтік жұмыс орнына өтінім жолдады.
Жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін несие бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді. Аталмыш жастардың жұмысқа орналасуы, мемлекеттік бағдарламалар арқылы алғашқы тәжірибелерін жинақтау үшін «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» жобасы секілді бағдарламалар, сондай-ақ кәсіппен айналысам деген тұрғындарға «Ауыл Аманаты» жобасы туралы да ақпараттар берілді.
Толық ақпарат алу үшін Алға аудандық мансап орталығына немесе 8(71337) 4-21-10 хабарласуыңызға болады!
Мәншүк САПАРОВА