Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті

Маңызды жиын Елорданың төрінде, Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылып, бірнеше ұлт өкілдері бас қосты.

Жиында еліміздегі этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, мәдени алуан түрлілікті дамыту, азаматтық бірегейлікті нығайту сынды мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөліне тоқталып, бұл институттың қазіргі заманғы қоғамдық-саяси ахуалда маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл сессиясы – еліміздегі татулық пен бірлікті сақтауға, ұлттар арасындағы достықты нығайтуға арналған тағы бір маңызды қадам болды.

Н.Давлетов
Аудандық мәслихат депутаты