Бүгінде түлектердің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында cөйлеген сөзінде айтты.

Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында айтқан бұл мәлімдемесі – мемлекеттік тілдің білім саласында кеңінен қолданылып келе жатқанының жарқын дәлелі. Түлектердің 80 пайызға жуығы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыруы – жастардың ана тіліне деген құрметінің артып, тілдік сананың жаңғырып келе жатқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш – мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтудағы маңызды қадам.

Сонымен қатар, бұл үрдіс еліміздің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Себебі жастар – тілдің тірегі, елдің ертеңі. Мемлекеттік тілде білім алып, сол тілде емтихан тапсыру – олардың өз болашағын қазақ тілімен байланыстыратынын аңғартады. Бұл – ел бірлігінің, мәдени тұтастықтың да айғағы.

Жалпы алғанда, бұл дерек – тек сандық көрсеткіш емес, сонымен бірге қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі орнының артып келе жатқанын көрсететін сапалық өзгеріс.

Шахноза Жұмадулла,

Алға қазақ орта мектебінің жас маманы