Бүгінгі сессияда Президент Қ.Тоқаев кейбір мемлекеттер үшін этникалық әралуандылық сын-қатердің, сенімсіздік пен төзбеушіліктің белгісі болуы мүмкін, бірақ, бұл біздің жалпыұлттық қазынамыз әрі стратегиялық артықшылығымыз екенін айтты. Осы бір ғана сөйлемде қазақ елінің татулығын суреттейтін қаншама мән-мағына бар десеңші.
Шынымен де, осы бір ғана сөйлемнің өзінде терең философия, ел болашағына деген сенім мен кемел көзқарас жатыр. Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатқан, бір шаңырақ астында берекелі тіршілік кешіп жатқан бірегей мемлекет. Президенттің бұл сөзі – елдегі әр азаматтың қоғамдағы орны бар екенін, олардың әрқайсысы Қазақстанның даму жолына өз үлесін қосып отырғанын мойындау әрі бағалау.
Этникалық әралуандылықты әлсіздік емес, керісінше, күш пен бірліктің негізі ретінде тану – еліміздің кемел болашаққа нық қадам басуына үлкен серпін береді. Бұл – өзара сыйластық пен сенімге негізделген қоғамдық келісімнің, «бірлігіміз – әралуандылықта» деген қағиданың нақты дәлелі.
Мұндай көзқарас еліміздің халықаралық беделін де арттырады. Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің, мәдениеттер мен діндер үнқатысының орталығы ретінде әлемге үлгі бола алатын мемлекет. Сондықтан Президент айтқан бұл сөз – тек саяси ұстаным емес, ел бірлігін сақтаудың, нығайтудың айқын жолы.
Д.Кубесова
Аудандық қоғамдвқ кеңес төрағасы