Бүгінгі сессияда Президент Жеңістің 80 жылдығына қатысты тұщымды пікір қалдырды. Шын мәнінде, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, жүрекке мәңгі жара салған бұл соғыста да ұлттар арасындағы достықтың құны биік болды.
Президенттің Жеңістің 80 жылдығына байланысты айтқан пікірі – тек өткенге тағзым ғана емес, бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық үндеу. Шынында да, Екінші дүниежүзілік соғыстың зұлматы ұлт пен ұлысқа бөлінбеген ауыр сынақ еді. Сол кезде әртүрлі ұлт өкілдері бір ту астында шайқасып, Отан қорғауда иық тірестіре күресті. Бұл – достықтың, ауызбіршіліктің, ортақ мұрат жолындағы құрбандықтың шынайы көрінісі.
Бүгінгі таңда бұл тарихи сабақ ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты сақтау жолында ерекше мәнге ие. Жеңіс рухы – тек батырлықтың символы емес, сонымен бірге бейбітшілік пен келісімге деген ұмтылыстың, халықтар достығының жарқын үлгісі. Демек, өткенді ұмытпай, болашаққа берік қадам жасау үшін мұндай мерейлі даталарды терең түсініп, жаңаша бағамдау аса маңызды.
А.Ажигулов
Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі