Бүгінгі жастар — ертеңгі елдің болашағы

Сұрақ: Мен студентпін, жазғы уақытта уақытша жұмыс жасап, қаражат тапқым келеді. Жастарға қандай жұмыс бар?

Жауап: Жазғы мезгілде «Жасыл ел» жобасы арқылы уақытша жұмысқа тұруға болады. Жалақысы 160-180 мың теңге көлемінде. Ақтөбе қаласы Әйтеке би көшесі 39 ғимаратында «Жасыл ел» штабы орналасқан.

Сұрақ: Мен жұмыс жасаймын, отбасылымын. Бірақ жеке үйім жоқ. Сіздің басқарма арқылы жас мамандараға тұрғын үймен көмек бола ма?

Жауап: Ақтөбе облысының жастары мен жас отбасыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында  «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 42 жас, 2024 жылы 67 жас баспаналы болды.

Жалпы 2023-2024 жылдары «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау бағытында оң нәтижесін көрсетті.

Осыған байланысты, 2025 «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы III кезеңін жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, қаржылық – экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс сараптама жүргізу сатысында

Сұрақ: Жастарды қолдауға арналған қандай гранттар бар?

Жауап: «Білім және ғылым», «мәдениет және өнер», «бизнес және кәсіп», «медиа», «ақпараттық технологиялар» және «волонтерлік» салаларындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылады. Жоба арқылы 3 млн. теңге көлемінде  10 қайтарымсыз грант беріледі (2025 жылға 30 млн.тг. қарастырылды).

Сұрақ: «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы ауылға қалай жұмысқа тұруға болады.

Жауап: Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері

Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:
• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.
Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт — ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.