Буллинг – қоғам дерті

Қазіргі таңда мектептер мен қоғамда жиі кездесетін күрделі мәселелердің бірі – буллинг. Бұл бір адамның екінші адамға әдейі және жүйелі түрде қорлық көрсетуі, мазақ етуі немесе қысым жасауы. Ол тек физикалық соққы түрінде ғана емес, ауызша, психологиялық, тіпті интернет арқылы (кибербуллинг) да жүзеге асады.

  Буллингтің түрлері:

  1. Физикалық буллинг – ұру, итеру, заттарын сындыру сияқты әрекеттер;
  2. Ауызша буллинг – балағаттау, мазақ ету, жаман ат қою;
  3. Әлеуметтік буллинг – топтан шеттету, дос болмай қою, әдейі елемеу;
  4. Кибербуллинг – әлеуметтік желіде қорлау, жала жабу, қорқыту.

Буллингтің салдары:

Буллингке ұшыраған балалар өзіне сенімсіз болып, қорқыныш, күйзеліс, оқуға қызығушылықтың төмендеуі, тіпті өз-өзіне қол жұмсау сияқты ауыр жағдайларға тап болуы мүмкін. Бұл тек жеке адамға емес, мектеп ұжымы мен қоғамға да теріс әсерін тигізеді.

Буллингтің алдын алу жолдары:

  1. Ата-аналар баламен ашық сөйлесіп, оның көңіл күйіне назар аударуы керек;
  2. Мұғалімдер мектепте жылы атмосфера қалыптастырып, әр баланың пікірін тыңдауға үйреткені жөн;
  3. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарап, мейірімді болуға, достықты бағалауға тиіс;
  4. Әр адам «Буллингке – ЖОҚ!» деп айта білуі қажет.

Буллингті жай ғана қалжың деп қабылдауға болмайды. Ол адамның психикасына ауыр жара салады. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарамай, әрқайсымыз зорлық пен қорлауға қарсы тұруымыз керек. Біз мейірім мен түсіністік танытқан тұста ғана буллингті жеңе аламыз.

Айгерим Калилина,

Талдысай негізгі мектебінің  педагог-психологі