Цифрлық қауіпсіздік — адам құқығының кепілі
Жаңа Конституцияға цифрлық құқықтарды қорғауға бағытталған нормалардың енгізілуі қазіргі қоғамның сұранысына сай келеді. Цифрлық кеңістіктегі құқықтарды заң жүзінде бекіту азаматтардың жеке дербестігін және ақпараттық қауіпсіздігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді. Әсіресе жасанды интеллект пен интернет технологиялары қарқынды дамыған кезеңде мұндай қадамның маңызы ерекше. Бұл бастама еліміздің құқықтық жүйесін халықаралық талаптарға жақындатып қана қоймай, халықтың цифрлық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге Конституцияда адам құқығы мен бостандығының негізгі құндылық ретінде айқындалуы мемлекеттің даму бағытына жаңа серпін береді. Мемлекет экономикалық және саяси жаңғыру үдерістерінде адам капиталын басты басымдық ретінде қарастырып, азаматтардың шығармашылық мүмкіндігін ашуға, білім мен ғылымды дамытуға және инновациялық бастамаларды қолдауға жол ашады.
Айсұлтан Балмұханов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы