Соңғы уақытта заман ағымы ма, әлде адам пейілі ме, адамгершілік жүрегімізден жоғалып бара жатқандай. Оның орнына күнделікті күйбең тіршілік, өзімшілдік, санасу сияқты қасиеттер белең алуда. Әрине, көпке топырақ шашу орынсыз. Ізгі тілектері мен ниеттерін білдіретіндер көбіне өздері жайлы дүйім жұртқа паш етуден аулақ. Сондықтан болар, олар жайлы біреу білсе, біреу білмейді. Осы тұста Алға ауданының халқына жанашыр жандары туралы айта кетейік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, қайырымдылықты жанына серік еткен жандардың бірі — кәсіпкер Самат Қалдығұлов. Халық сайлаған қалаулымыз бүгінде Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты.

Өңір халқын әбігерге салған су тасқыны кезінде жерлестеріміздің арасында да баспанасы суға кеткендер жоқ емес, бар. Осы тұста кәсіпкер Самат Қалдығұлов тұрғындарға көмек қолын созғысы келеді.

Депутат су тасқынынан зардап шеккен 10 отбасыға туған жері — Алға ауданына қарасты Аманкелді ауылынан үй тарту етпек. Депутаттың айтуынша, ауылда ма

«Биылғы су тасқыны кезінде қалада қаншама отбасының баспанасына су кіріп, әбігерге түсті. Қазір оларға мемлекет тарапы

л бағып мол табыс табуға болады. Бүгінде бұл ауылда мектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. Мекемелер интернетке қосылған.

  • нан қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қалада жеке баспанаға қолы жетпей жүргендерге немесе қиындықтарға тап болған отбасыларға қолдау білдіргім келеді. Оларға өз қаржымнан үй тарту етуге дайынмын. Жұмыспен де қамтамасыз етемін. Әсіресе, көп балалы отбасыларға тұрғын үймен қатар, көтерме ақы ретінде мал беріледі. Ұсынысым осы» — деді депутат.

P.S:  Бұған дейін «Реймқұл» ШҚ ұжымының күшімен Аманкелді ауылында монша салынып, мектеп ғимараты жөнделген. Бұдан бөлек инфрақұрылы

м жолға қойылған. Ашып айтар болсақ, 86 миллион теңгеден астам қаражатқа су құбыры жүйесі толығымен жаңартылып, электр сорғылары ауыстырылған. Мәдениет үйі де бой көтеріп, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлауда. Айта кету керек, Аманкелді ауылы аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда бақша егіп, мал бағуға мүмкіндік мол.

Мадина БОЛАТБЕК