«Домбыра үні – Ел үні» концерті аясында референдум өтті

Ақтөбе қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде өткен референдумға тұрғындар белсенді қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Облыстық халық шығармашылығы орталығында орналасқан №38 сайлау учаскесінде және №39 жалпы білім беретін мектептегі №68 учаскеде тұрғындар азаматтық ұстанымдарын білдіріп, әрбір дауыс маңызды екенін көрсетті. №68 учаскеде «Достық сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №556 сайлау учаскесінде де дауыс беру жоғары деңгейде өтті. Мұнда «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық ән-күймен шараның көркін қыздырды. Мұндай мәдени шаралар тұрғындардың бірлігін нығайтып, азаматтық жауапкершіліктің маңызын айқындай түсті.