Ел есінде қалам десең – ел үшін еңбек ет

«Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы — әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Мемлекеттік қызметші үнемі өзіне мынадай сұрақтарды қоюы керек: «Мен қоғамның биік сенімін ақтау үшін қандай болуым керек?»

Иә, қай заманда, қай елде болмасын, қоғамды алға тартып дамытатын жастар екендігін ұмытпауымыз қажет. Біз елін сүйетін азаматтарды қалыптастыру үшін жастардың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білуіміз аса маңызды.

Мемлекеттік қызметші болу — үлкен абырой мен міндет. Болашақта ел тізгінін ұс­тай­­тын азаматтар — бүгінгі жастар.

Жалпы, бүгінде облысымызда 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істеп жүр. Олардың 59,4 пайызы әйелдердің үлесінде болса, 40,6 пайызы — ер адамдар. Мемлекеттік қызмет­­шілердің 38,6 пайызы — 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың саны ғана емес, сапасы да өсіп жатыр. Яғни білімді, ал­ғыр, бәсекеге қабілетті жас­тардың қатары күннен-күнге артуда. Айта кету керек, облысымыздың мемлекеттік органдарында еңбек етіп жүрген қызметшілердің 21-і Мемлекеттік басқару академиясының түлегі болса, 5 маман «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған. Бұл да өңірдің осы саладағы жетістігі.

Қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеруде.Жаңатехнология­лар, мамандықтаржәнесалаларпайдаболуда. Жұмыстыұйымдастырудыңжәнебасқарудыңәдіс-тәсілдеріқайтақаралуда. Осындайжағдайдажаңакәсібидағдылардымеңгеругежәнеозықбілімдітиімдіпайдалануғақабілеттіжастардыңрөлі арта түседі.Мемлекеттік және қоғамдық істерді басқару батылдық пен төзімділікті, ойластырылған, сындарлы өзгерістерді талап етеді. Мемлекеттік қызметшілер жаңашылдықты енгізе білуі және креативті болуы керек.

Соңғы жылдары азаматтардың мемлекет тарапынан жүзеге асырылған өтініштерінің бірі — әкімдерді тікелей сайлау. Сайланған 142 ауылдық және селолық округ әкімдерініңорташа жасы 43 жасты құрайды, оның ішінде 28-інің жасы 35-ке дейін, олардың 36,6 пайызы —бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегендер, олардың арасында мұғалімдер мен кәсіпкерлер де бар.

Бұл — ел дамуы үшін қызмет етемін деген жастарға берілген мүмкіндік. Кім біледі, ертеңгі күні тап осы жастарбарлық жағынан қаладан кем емес жағдайлары жасалған ауылдар қатарын көбейте отырып, артына өшпес із қалдырар. Бүгінде ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Әрине — бұл іс — сол жергілікті, өздері басқарып отырған елді мекендерден шыққан, қазіргі таңда қаражат жағынан қолдау көрсете алатын кәсіпкерлерді тарта отырып, бірге жүргізілетін үлкен жұмыс. Бұл жерде мемлекеттік қызметшілер Отанға қызмет ету мәдениетін дәйекті түрде меңгеріп, жүзеге асыру қажет. Ол мемлекеттік қызметшілердің елді көркейту жолында өзіне жүктелген міндетті шынайы және адал орындауынан көрінер еді. Себебі мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.

Мемлекет тарапынан жастарға беріліп жатқан тағы бір мүмкіншілікті атап кетсек, ол — мемлекеттіктапсырыс негізіндежоғары оқу орындарының үздік түлектерін оқуды аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде мемлекеттік қызметтің аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарынаконкурссызтікелейтағайындау. Бұл жас мамандардың өңірлерге оралып, оның дамуына үлес қосуына жол ашса, екіншіден, аймақтарда кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді.

Осы енгізілген жаңашылдық нәтижесінде қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 50-ден астам түлек аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі, басшылық емес лауазымдарға конкурссыз қабылданды. Бүгінде конкурссыз мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар өңірдің мемлекеттік органдарында әртүрлі салада қызмет атқаруда, олардың ішінде бірнеше маман мансаптық ілгерілеу жолымен облыстық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызметтерін жалғастырып жатыр.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша

департаментінің бас маманы Р.Шумекеева