Бүгінгі сұқбатта айтылған “Заң мен тәртіп” қағидатын тереңірек ұғынғандаймын.

Бұған дейін бұл бастаманы қара халықты қанау деп түсінсем, енді Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай “тәрбиесіз берген білімнің адамзаттың қас жауы” екеніне көз жеткіздім.

Шынымен, қоғамда құқық бұзу, оны таныспен немесе теңгемен шешу сияқты заңсыз әрекеттерге бой алдырғысы келетіндердің қарасы қалың.

Бұл еліміздегі сыбайластықты көбейтіп, тәртіпсіздікті күшейтеді.

Осы орайда, “Заң мен тәртіп” бастамасы Әділетті Қазақстанға қарай қадам бастайтыны сөзсіз.

Тәртіпке бағыну қиын. Бірақ, “аюға намаз үйреткен таяқ”. “Тәртіпсіздерді” Заңмен “таяқтағанда” ғана әділетке қол жеткізе аламыз.

Нурлан Давлетов
Аудандық мәслихат депутаты