Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керегін алға тартқан болатын.

Шын мәнінде, бұл ойланарлық мәселе. Бүгіннің өзінде елімізге шет елден келіп жатқан электр қуатының бір күндері тоқтап қалмасына кім кепіл? Оған бөлек, өзге елдегі АЭС біздің елімізге салынып, өз жарығымызды өзіміз өндірсек дамудың тағы бір сатысына көтерілгеніміз емес пе?

Жалпы, Президент Қ.Тоқаев «Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дəйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді» деген болатын.

Олай болса, ой елегінен өткізіп, еліміз үшін маңызды шешімді бірге қабылдайық!

 

Жансая Дузбаева,

Алға қаласының тұрғыны, кәсіпкер, көпбалалы ана