Алға (Ключевой) аудандық газеті 1938 жылы 5 мамырдан бастап «Алға» деген атпен шықты. Газеттің алғашқы санын шығаруды ұйымдастырған редактор Е.Айешев болды. Кейін редактор болып А.Есенғалиев тағайындалды.

1943-1960 жж. Газет редакторлығына «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінен келген Ә.Баймағамбетов, Қызылорда облысы партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Н.Нұрпейісов, Ш.Бекеновтер басшылық етті. 1953 жылы газет «Алға-Вперед» деген атпен екі тілде шыға бастады. Редактор қызметіне Алматыдан Жоғары партия мектебін бітіріп келген Ә.Баймағамбетов бекітілді.

1962 жылы Алғада негізгі газетті орыс тілінде шығару ұйғарылып, шешім обл. партия комитетінің бюросында бекітілгелі жатқанда Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің насихат және үгіт бөліміне қазақ тіліндегі газеттің жабылғалы жатқаны хабарланады. Бюро мәселені кейінге қалдырып, келесі күні «Алғада негізгі газет қазақ тілінде шығарылсын» деген қаулы алынады. Газеттің қазақша нұсқасын жаптырмай сақтап қалуға Ә.Баймағамбетов көп еңбек сіңіреді. 1962 жылы аудандық газеттер жабылып, олардың орнына ауданаралық газеттер шығарыла бастайды. Алғада төрт аудан үшін (Шалқар, Қобда, Мәртөк) облыстық партия комитеті мен халық депутаттары обл.кеңесінің ауданаралық газеті «Жұлдыз-Звезда» деген атпен 1 мамырдан бастап шығарылды. Аудандық газет редакторы К.Жалдыбаев осы қызметті 1993ж.дейін атқарды. Кейін редактор болып, осы газет қызметкері (қазір респ. «Е.Қ» газ. тілшісі) Б.Кемал, жұмысшы – тілшіден өскен М.Джармұхамбетов, Ш.Елеусіз, А.Қайрушев, С.Мұсағалиева, кеңшар директоры, ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, әкім орынбасары Е.Сүлейменов, тілшілер Б.Ізтілеуов, Л.Оразымбетова, Р.Ибрагимовалар газеттің іргесін шайқалтпады.

Ақтөбе обл.Алға ауданы әкімдігінің 2012 ж. №383 Қаулысы негізінде «Алға ауд. «Жұлдыз-Звезда» газеті» ЖШС болып құрылды. 2013ж. газетке ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті, мерзімді баспасөз баслымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке алу туралы №13391-Г куәлігі берілді.

Аудандық газет редакциясынан белгілі журналистер шықты. «Жұлдыз» газетінде ұзақ жылдар редактордың орынбасары, облысқа белгілі журналист Ж.Назарбаев, «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы Ж.Байгуриновтер де қызмет етті.