«Ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейді» деген рас. Ауылда халықтың жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Көшелерде шамдар жанып, кешкі ауылды жарқыратып тұр. «Ауыл аманаты» жобасы тұрғындарға көптеген мүмкіншілік сыйлады. Аталған жоба туралы газет беттеріне де, әлеуметтік желіге де жарияланып жатырғаны бәрімізге белгілі. Десек те «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Бесқоспа ауылдық округі әкімі Жандарбек Бақытжанұлынан аз-кем сұрауды жөн көрдік.
Ауыл – қазақтың қаймағы бұзылмаған қазыналы мекені. Ондағы әрбір тірлік болашақтың берік іргетасын қалап, келешегіне кемел жол бастай алады. Өсіп-өркендеген елдің ынтымағы артып, бақ-берекесі тасымақ. Ауыл әкімі айтқандай «көзін тапқанға кәсіп көп» деген көрікті ауылда кәсіпкерлік өрісі кеңейіп келеді. Жыл артқан сайын мұнда қолдан келетін іспен айналысушылар саны артып, түрлі кәсіп дамуда. Алға қарай ұмтылған ауылда мұндай жұмыстардың өркендеуі заңды. Өйткені, аудан арасындағы үлгілі ауыл кәсіпкерлік саласы бойынша да алдыңғы қатарда болуы тиіс.
Қазіргі таңда ауылдық округтердедің халқы мал шаруашылығы, шаштараз, жылыжай, наубайхана сияқты кәсіп көзін дамытуды мықтап қолға алғаны бәрімізге мәлім. Десек те, қазіргі жастарымыз ауылдан қалаға қарай жұмысқа кетеді, ең мықты дегенде құрылыс жұмысына кіреді. Қазір кәсіппен айналысамын дегендерге мүмкіндік мол. «Қалауын тапса, қар жанады» демекші, есебін тауып икемі келетін істі қолға алғандар түрлі кәсіппен айналыса алады.
Еңбектің көзін тапсаң, байлықтың өзін табарсың» дегендей, тіршілік істеймін деген адамға жұмыс көп. Тек ынта мен ықылас, талап, төзімділік қажет. Жыраққа кетпей өз жеріңде еңбек ету де – бір бақыт. Негізгі мамандығым экономика және аудит. Мамандығым бойынша бойынша қызмет етпедім, негізі бала кездегі арманым дәрі-дәрмек сату болатын. Өзім қарапайым отбасыда дүниеге келдім. Туған жерім Қарабұлақ ауылы. 2001 жылы Есет батыр ауылына тұрмыс құрдым. Жолдасым екеуміз әртүрлі салада қызмет еттік, – деді сөзін әріден бастаған Айнаш Байтакова.
Негізі «Ауыл аманаты» жобасы ең алдымен ауылдық жердегі халықтың табысын арттыру бағытына көзделген. Осы бағытта ауылда кәсіпкерлер саны көбейіп, жұмысын алға қарай дамытып жатқан тұрғындар аз емес.
Әрі қарай ауылдан кәсіпкерлердің санын көбейтуге, «Ауыл аманаты» жобасының халыққа үлкен мүмкіндіктер беріліп тұрғаны туралы әлі де түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіп ашқамын деген адамға бұл бере бермейтін мүмкіндік, — дейді ауыл әкімі.
Ауылдың біркелкі дамып, тұрмыс-тіршілігімізде берекенің орнығуы биік мақсатқа бағытталған батыл шешімге де байланысты. Қазіргі уақытта еңбек етемін деген азаматтың ерік-жігерін еселеп, қолдау білдіретін қанатты жобалар қатары көбейіп келеді. Есет батыр ауылында да «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Ауылдықтар бұл жобаға үлкен үміт артып отыр. Жобаға ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор. Олар ауылда өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін болған шағын кәсіптерін дамытуға үлкен мүмкіндік.
Бүгінге дейін округте «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023 жылы жиырма бір жобаның құжаты жинақталды. Жобаға қатысушылардың бүгінде қаражаты түсіп, өз жұмыстарын бастап кетті. Десек те жыл басталғалы жобаға бес адамның құжатты жинақталды. Нақтырақ айтар болсақ, СПК-ға екі жоба құжаты тапсырылып мақұлданды. Ал, үш жобаның құжаттары жинақталып, дайындалу үстінде. Алдағы уақытта мүмкіндігінше жобаға қатысушылар санын көбейту басты жоспарларымыздың бірі, — деді ауыл әкімі Жандарбек Бақытжанұлы.
Қазіргі кезде әркім өз бетінше жұмыс істеп, кәсібінен нәсіп теруді жөн санайды. Тұрғындар кәсіп ашып, өз ісінің өрге домалауын жолға қоюды көздейді. Өмірдегі жетістіктің бәрі де еңбекпен ғана келеді. Алған бетінен қайтпайтын қайсар жандар ғана нағыз кәсіпкер атана алады. Қазіргі таңда ауылдық округтердедің халқы кәсіпті мықтап қолға алғаны бәрімізге мәлім.
Ауыл әкімі Жандарбек Бақытжанұлымен «Ауыл аманаты» жобасы туралы бір пысықтап алып, ветеринарлық дәріханаға қарай бағыт алдық.
Нәтижесінде…
Қазіргі заманд а өзгеге алақан жаймай, кәсіптің көзін тауып, берекелі істің игілігін көру әрине құптарлық жайт. Уақыт көшіне ілесіп, кәсіпті дамытып, кәміппен айналысуды көздеген тұрғындарымыз бүгінде ауылда жетерлік. Соның бірі – Есет батыр ауылындағы Айнаш Байтақова.
Кешегіге дейін ауыл тұрғындары малға керекті дәрі-дәрмекті ауданға, қалаға жол тартып, сатып алып келетін. Енді олар табан тоздырып, уақыт жоғалтып алысқа бармайды. Кәсіпкердің ашқан ауыл орталығындағы ветеринарлық дәріханаға барады.
- 2023 жылы бастау алған «Ауыл Аманаты» жобасына қатысуды жөн санадық. «Ауыл Аманаты» жобысының шешімі мақұлданып, сөйтіп ветеринарлық діріханамды керекті дәрі-дәрмекпен толықтырдым. Жалпы бала кезімнен ұнайтын, дәрі-дәрмек сату. Алдыма қойған мақсатыма жетіп тынбайтын мінезім бар. Бір іске талаптансам, соған бар ынтаммен кірісемін. Жолдасым мен жақындарым әркез қолдап отырады. Тұрақты сатып алушыларымыз бар. Қолға алған ісім жақсы нәтиже беріп жатса, кейін үлкейту ойымызда, – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің ветеринарлық дәріхана ашқанына ең бастысы ауыл тұрғындары риза. Әлгі айтқандай олар алысқа шауып сабылмайды. Ауылда ашылған бастамаға қолдау көрсетіп отырса, кәсіптің де дөңгелейтіні сөзсіз.
Жалпы «Ауыл Аманаты» жобасы тұрғындарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде аудандан болсын, ауыл болсын шағын және орта бизнес ашамын деген адамға мүмкіндік көп. Кәсібінің көзін тауып, одан әрі дамытып мол табысқа кенеліп жатқандар да баршылық.
Кәсіпкер Айнаш Байтақова «Ауыл Аманаты» жобасынан 2,5 пайызбен 2,0 теңге несие алып, кәсібін айналдырып отыр. Алдағы уақытта мемлекет тарапыннан осындай бағдарламалар бастау алатын болса қатысуға болатынын алға тартты.
Кәсіп ашу тек ветеринарлық дәріханамен шектелмейді, кәсіптің түрі бар. Тек адам ерінбеу керек, даму керек мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді дұрыс жағынан пайдаланып, толығырақ мәлімет алып кәсіпкер болу керек. Ешкім кәсіпкер болып тумайды. Кез келген дағдарыстан шығудың басты жолы – кәсіпкерлік. Бұл сала дамыса, экономиканың да қарқын алары сөзсіз. Бүгінде осы бағытта мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, солардың бірі «Ауыл Аманаты» жобасы өз ісімен, кәсібіммен айналысамын деушілерге мүмкіндіктер көп.
Ауылға барған сапарымызда кәсіпкердің дәріханасына бас сұғып, жұмысының тіршілігімен таныстық. Ашылғанына үш айға жуық болған дәріхана өз тұтынушыларын жинап та үлгергеніне көзімізді жеткізіп келдік. Іші жинақы, шағын болса да малға қажетті дәрі-дәрмектің бар екенін аңғардық.
Кәсіпкерлікке мықтап бет бұрған кейіпкеріміз келешекте өз ісін кеңейтіп, әлі де талай жобаларды дүниеге әкелсем дейді. Аудандағы кәсіпкерлік саласын кеңінен дамытып, ауылдың өсіп-өркендеуіне, жұмыссыздықтың санын азайтуға, кәсіпкерлер қатарын көбейтуге үлесін қосып жүрген Айнаш Байтаковаға сәттілік тілейміз.
P.S:Ауылдың дамуы – ауданның гүлденуі. Қазақтың қастерлі қарашаңырағы атанған елді мекендегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруы біздің алға жылжуымызға сеп. Сондықтан, бұл бағдарламаның өзі жарқын болашаққа жетелейтін шығар, бәлкім. Біздің айтқымыз келгені, ебін таба білгенге кәсіп — табыстың көзі. Тек мұрат қойып, сол жолда еңбекті қару ету керек.
Алға-Есет батыр-Алға,
Мәншүк САПАРОВА