Кеше елімізде достық пен бірлікке қатысты тағы бір тарихи сәт орын алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі сессиясы өтіп, ынтымақ пен татулықтың туы тағы бір мәрте желбіреді. Бұл жиын — тек бір ұйымның жиналысы ғана емес, елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің жарқын көрінісі.

Сессия барысында Мемлекет басшысы еліміздегі бейбіт өмір мен ұлтаралық татулықтың маңызын атап өтіп, әрбір этнос өкілінің ел дамуына қосып отырған үлесіне алғыс білдірді. Сондай-ақ, жаңа бастамалар мен идеялар ұсынылып, Қазақстанды одан әрі жаңғырту жолындағы ортақ мақсаттар талқыланды.

Ассамблеяның бұл жиыны еліміздің бірлігі бекем, келешегі кемел екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Достық пен өзара сыйластық – біздің ең басты байлығымыз. Сол себепті әрбір азамат осы құндылықтарды бағалап, сақтауға атсалысуы қажет.

Голубничая Татьяна Владимировна

#4 Алға орта мектебі, көркем еңбек пәні мұғалімі