Кешегі өткен сессияның тарихи мән-маңызы айрықша. Ол туралы Мемлекет басшысы да өз сөзінің басында айтып өтті. Бұл сессия — тек есеп беру немесе жоспар құру алаңы ғана емес, елдің бірлігін бекемдеп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін маңызды саяси-идеологиялық алаңға айналды.

Осы уақыт ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ассамблея түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтап, дамытумен қатар, елдегі қоғамдық келісімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Ол — бірлік пен бейбітшіліктің символы.

Сессияда Мемлекет басшысы ел болашағы үшін ең басты құндылық — татулық пен бірлік екенін атап өтіп, Ассамблеяның бұған дейін атқарған істерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, жаңа кезеңде Ассамблеяның рөлі одан әрі артып, оның жұмысы «Әділетті Қазақстанды» құрудағы басты тетіктердің бірі болуға тиіс екенін баса айтты.

Осылайша, сессия ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайтумен қатар, ұлттар мен ұлыстардың достығын одан әрі тереңдетуге жол ашты.

Мажугина Людмила Анатольевна
Маржанұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі