Тамды ауылдық округіне қарасты Талдысай ауылының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық! Қазір ауылға апарар жолға күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жауапты мердігер – “Ербол-Эль” ЖШС
Жоба құны – 695 млн теңге
Жолдың жалпы ұзындығы – 5,2 шақырым
Ұзақ жылдар бойы қиындық тудырған жолдың жайы бүгінде біртіндеп реттеліп келеді. Жер тегістеліп, қиыршық тас төселуде. Бұл тек жол емес – бұл елдің еңсесі, тұрғындардың тіршілігіне тың серпін, дәрігерлер мен жедел жәрдемнің дер кезінде жетуі, күнделікті тұрмыс сапасының артуы.
Бүгінгі еңбек – ертеңгі жарқын күннің бастауы!
Мадина Тажибекова