Куашов Әлібек Қалиұлы Алға ауданы ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.

Білімі: 2000 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Медицина Академиясын “Емдеу ісі” мамандығы бойынша бітірді (қазіргі М.Оспанов атындағы БҚМУ), сондай-ақ осы жоғары оқу орны базасында “Хирургия” мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Мансабы: 2003 жылдан бастап ҚР ІІМ ҚАЖ жүйесінде жұмыс істеді. 2006-2015 жж.аралығында Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансерінде емдеу-профилактикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары және ординатор- дәрігері қызметтерінде болды. 2015-2021 жылдары №5 қалалық емхана мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жұмыс істеп, одан кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Студенттік емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды.

2017 жылдан бастап ШЖҚ «Жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында» психиатр-нарколог дәрігері және «БИОС» ЖШС-де дәрігер-эксперт болып істеді. 2024 жылдың маусым айынан бастап Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханада медициналық көмек сапасы бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.