Мал басын дәл есепке алу – ветеринариялық қауіпсіздіктің негізгі шарты

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті іс- шаралардың бірі. Бүгінгі таңда аудан бойынша  160 605 мал басы бар. Оның 47487 мүйізді ірі қара, 87427  мүйізді ұсақ мал, 25570 басы жылқы, 105 бас түйе және 16 басы шошқа. Мұның барлығы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына тіркелген.

Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен реттеледі.

Жануарларды есепке алу рәсімі жануарларға жеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесі хабарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейін компьютерлік деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізеді және электронды ветеринариялық паспорт беріледі, жануарға сырға салынады немесе таңба басылады. Бірдейлендіру қорытындылары бойынша деректер бүкіл Қазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттік компьютерлік дерекқорға енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, әр жануар бойынша ветеринариялық манипуляциялардың тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер базасында ветеринариялық- профилактикалық іс-шаралардың мәліметтері көрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялық ілеспе құжаттар рәсімделеді.

Ел аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады. Егер иелігіңізде бірдейлендірілмеген жануарлар болса аталған ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:

– Ұрланған (табылған) т.б. жағдайларда, жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ).

– Бірдейлендіру нөмірінсіз сатуға т.б. кезеңдерде — мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтама рәсімделмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіру қажет.

– Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

– Құлындар төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде).

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:  электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және т.б.

– Дер кезінде, ең бастысы өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек;

– Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.

Иелігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық пункт — мамандарына міндетті түрде жүгіну қажет.

А.Кариев