00:13, 24 Қыркүйек 2025 | GMT +5

Мемлекет басшысы БҰҰ мінберінде Украина айналасындағы дағдарысты шешудің басты қағидатын атады

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлеп, Украина айналасындағы дағдарысқа тоқталды.


Фото: pixabay.com
— Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен Украина айналасындағы дағдарысқа алаңдаулы. Дегенмен аталған қақтығысты тоқтату үшін екіжақты және халықаралық деңгейдегі дипломатиялық күш-жігерді жалғастырып, қос мемлекет ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін саяси икемділік көрсетуі керек, — деді Президент.


Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев аумақтық дау-дамайды шешу ешқашан оңай болмағанын еске салды.

— Ол келешек ұрпақтың қамы үшін екі жақтың да барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуын талап етеді. Өшпенділік психологиясы қақтығысқа қатысушы тараптардың бітімге келуіне мүмкіндік қалдырмай, қай-қайсысын да құрдымға жібереді, — деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясының Жалпы дебаттың ашылуына қатысып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк төрінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзін Jibek Joly арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Бұдан бұрын Президент әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қайта қалпына келтіру ең басты басымдық болуы тиіс екенін алға тартты.

Тегтер:
БҰҰ Бас Ассамблеясы
Қазақстан Президенті
Нью-Йорк
Қасым-Жомарт Тоқаев
Халықаралық ұйымдар
АҚШ
Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат
Ақорда

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-buu-mnbernde-ukraina-aynalasindagi-dagdaristi-sheshudn-basti-kagidatin-atadi-7abda7/