02:41, 24 Қыркүйек 2025 | GMT +5

Мемлекет басшысы Финляндия президентімен екіжақты және халықаралық мәселелерді талқылады

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.


Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

— Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты. Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізгенін жазған едік.

Тегтер:
Нью-Йорк
Қасым-Жомарт Тоқаев
АҚШ
Қазақстанның халықаралық қызметі. Сыртқы саясат
Президент
Финляндия
Ақорда

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-finlyandiya-prezidentmen-ekzhakti-zhane-halikaralik-maselelerd-talkiladi-fe1ef0/