МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
БІРЛІК ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Алға ауданының әкімі А. Шүйіншәлиевтің төрағалығымен аудан активінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Басқосуға мекеме басшылары, сала мамандары және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығы – мемлекеттің басты құндылықтары екені кеңінен айтылып, тәуелсіздікті сақтау, ел бірлігін нығайту және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

Кездесу аясында ұлттық бірлік, қоғамдағы еңбек адамдарының рөлі, сондай-ақ ел болашағына деген жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар ортақ құндылықтарды дәріптеу, азаматтық белсенділікті арттыру бағытында өз пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ, жиында референдумның ел болашағы үшін маңызы зор саяси науқан екені ерекше атап өтіліп, аудан тұрғындарының бұл маңызды үрдіске белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруі – ел дамуына қосылған үлес екені айтылды.