Мемлекеттік органдардағы мүдделер қақтығысы: неліктен оған жол берілмеу керек?

Мүдделер қақтығысы бұл мемлекеттік қызметшінің (немесе оның жақындарының) жеке мүдделерінің өзінің лауазымдық міндеттерін объективті орындауына әсер етуі мүмкін жағдай. Мысал ретінде, егер мемлекеттік қызметші мемлекеттік тапсырыстарды бөлуге қатысатын болса және оның жақын туыстары өткізілетін тендерге қатысуға ниет білдірген компанияға иелік етсе немесе басқарса, бұл мүдделер қақтығысын тудырады.

Тағы бір кең тараған мысал ерлі-зайыптылар, жақын туыстары немесе басқа байланысты адамдар лауазымдарды атқарған кезде, олардың біреуі екіншісінің мансаптық өсуіне, табысына немесе басқа кәсіби мәселелеріне әсер етуі мүмкін. Мысалы ретінде, егер мемлекеттік органның кадрлар бөлімінің басшысы жұбайын жұмысқа қабылдау немесе жоғарылату туралы шешім қабылдаса, бұл кадр саясатының объективтілігі мен әділдігіне күмән келтіруі мүмкін.

Қазақстанда мұндай мәселелер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен реттеледі.

Неліктен мүдделер қақтығысына жол берілмейуі керек?

Мүдделер қақтығысының басты қауіпі бұл мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін емес, жеке мақсатқа бағытталған шешімдердің қабылдануына әкеледі. Бұл заңсыз баю, фаворитизм және билікті асыра пайдалану арқылы көрінуі мүмкін.

Мүдделер қақтығысының туындау себептері әр түрлі болуы мүмкін: материалдық пайдаға ұмтылу (мысалы, аффилирленген компаниялар арқылы пайда табу), мансаптық немесе отбасылық қызығушылық (туыстары мен таныстарын лауазымдарға жылжыту), жеке байланыстар мен міндеттемелер (шешім қабылдау кезінде белгілі бір адамдарға жағымды көзқарас).

Мүдделер қақтығысының салдары ауыр болуы мүмкін. Ол кәсібилігі жоқ кадрлар құрамына байланысты мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендетеді, сыбайлас жемқорлық схемаларын тудырады, бюджет қаражатын жымқыруға әкеледі, азаматтардың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін азайтады және мемлекеттік ресурстарды бөлу кезінде әділеттілік қағидаттарын бұзады.

Мүдделер қақтығысы қалай реттеледі және қалай алдын алуымыз керек? Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік  желілерге түсіндіру бойынша ақпараттар салып отыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді оқыту және кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Заң нормаларын бұзған адамдарға тәртіптік шараларды  қолданумен реттелуі қажет.

«Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы А. Шабенова