Мен жүктімін, еш жерде жұмыс істемеймін, жеке кәсіпкер де емеспін, медициналықсақтандыруды төлеуге міндеттімін бе?
Егер жукті әйел жумыс істемесе және жекекәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол жеңілдік санатына кіреді және МӘМС-ке жарналарды мемлекет төлейді.
Ол үшін тіркелген орны бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігіне байланысты есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, дегенмен оның қабылдауына жазылу үшін МӘМС жүйесіндесақтандырылған болуы тиіс. Бұл жағдайда жүкті әйел мәртебесі болмаса да ТМККК аясындақабылдау жүргізетін учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады.
Босанғаннан кейін әйел — үш жасқа толмағанбаланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адам ретінде басқа жеңілдікті санатқа кешетінін білген жөн, сондықтан ол тағы да мемлекет есебінен сақтандырылады.