Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды

Жобаның мақсатызаманауи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, үш ауысымды оқытуды жою және қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.

«Samruk Kazyna Construction» АҚ аймақтықдиректоры Азамат Агелеуовтің айтуынша, биыл 12 жайлы мектеп пайдалануғаберіледі. Жаңа жайлы мектептер Алтын Орда және Есетбатыр шағын аудандарында, «Саяжай-1», «Баурластар-3», «Жаңақоныс-2» тұрғын алаптарында және облыстың бірнеше ауданында салынып жатыр.

Өңір басшысы білім беру нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Қазіргі таңда жеті мектепке желілер толығымен тартылған, төртнысанда жұмыстар жалғасуда, бір мектеп бойынша жобалық-сметалыққұжаттамадайындалуда.

Мәліметтерді тыңдаған облыс әкімі мердігерлермен тиісті қызметтерге құрылысқарқынын үдетіп, барлық жұмысты мерзімінде аяқтау үшінжұмысшылар қатарын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ мектептерге кіреберіс жолдар салу, оқу орындарының маңында автотұрақтарұйымдастыру және жауын-шашыннан жиналған суды ағызу жүйелерін салу қажеттігін ескертті.

«Келешек мектептері» жобасын жүзегеасыруөңірдегі білім беруді дамытудың басым бағытыболып қала береді. Балалардың сапалы әрі жайлыжағдайда білім алуыолардың жарқынболашағының кепілі», – деді өңір басшысы.