Өмірдің өзегі – өндіріс

Аудан басшысы Нұрбол Ержанов қала әкімі Нұрбол Сурбаев, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуовпен бірге Алға қаласындағы Неохим зауытының жұмысын қарап шықты.

Аудан әкімі кәсіпоронның бүгінгі әлеуетімен танысып, жұмысшылармен жүздесті. Мұнда қазіргі таңда 54 жуық жұмысшы 4 ауысыммен жұмыс істейді. Айта кетейік, Неохим өндіріс орны Қазақстан және шетел аумағында кеңінен таралған. Елімізде зауыттың 4 филиалы жұмыс жасаса, 1 филиал Өзбекстан мемлекетінде іске қосылған. «Неохим»​ ЖШС 2013 жылдан бері аудан орталығында құрылыс саласына қатысты әктас шығарумен айналысады.

Зауыт екі түрлі тәсілмен әктас өндіріп көршілес аудан – Қадыағашқа өнімін өткізеді. Кейін біздің зауыттың өндірген өнімінен «экотон» және «лотос» атаулысы бар кірпіштер шығарылады. Ауданымызға қарасты Қарабұлақ ауылдық округіндегі бор карьерінен алынған шикізаттан өндірілген әктас экотон материалын шығаруға, ал Ақтөбеден әкелінген қиыршық тастан алынған өнімді селикат кірпіш жасауға өткізіледі.

  • Нарықтағы сұранысқа ие зауыттың жұмыс барысымен танысып шыққан соң, зауыттың әкімшілігіне ғимараттың сыртқы келбетін жақсарту, айналасын көгалдандыру және тағы да басқа ұсыныстар білдірдік, — деді Алға аудандық мәслихатының төрағасы Марат Тулеуов.

Зауыттың аяқ алысын қарап шыққан аудан әкімі нарықтағы сұранысқа сай кәсіпорынның жұмыс барысын бақылап, өнеркәсіп өкілдерінің алдағы жоспарларын тыңдады.

Мадина БОЛАТБЕК