«Өнегелі 15 минут» бағытының маңызы
Бүгінде білім беру жүйесінде тәрбие мен білімнің бірлігіне баса назар аударылып жатыр. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде жүзеге асырылатын “Өнегелі 15 минут” бағыты – осының айқын көрсеткіші. Бұл бағдарлама жастарды рухани, адамгершілік, және эстетикалық тәрбиелеу
мақсатында енгізілген.
“Өнегелі 15 минут” бағыты Сарықобда орта мектебінде де өз деңдейінде атқарылып отырған маңызды іс-шараларымыздың бірі. Оның негізгі мақсаты – ата-аналар мен оқушыларға күнделікті өмірде пайдалы дағдылар мен кәсіпкерлік, лидерлік, ынтымақтастық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді сіңіру. Бұл қысқа уақыт аралығында бірлесіп жүргізілетін ұйымдық іс-шаралар, тренингтер, пікірталастар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы іске асады.
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Өнегелі 15 минут” бағыты – ата-ана мен баланың әлеуметтік және рухани дамуына үлкен үлес қосу үшін жасалған тиімді құрал. Оқушыларға адамгершілік, моральдық құндылықтарды үйрету арқылы олардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, болашақта өз елінің жауапты азаматы болып өсуіне жол ашады. Қазақстанның ынтымақтастыққа негізделген білім беру жүйесі үшін бұл бағыттың енгізілуі – қоғамның қалыптасуына және дамуына зор әсер етеді.