Отты дұрыс қолдансаң – ошақ, абайламасаң – апат
Ұзақ уақыт бойы жүргізілген байқаулардың нәтижесінде пешпен жылытылатын үйлерде орын алатын өрттердің шамамен 50%-ы пеш пен түтін мұржаларын дұрыс орнатылмауы және немқұрайлы қолданылуы салдарынан болатыны анықталды.
- Пешті қолдану кезінде өрттің алдын алу үшін келесі талаптарды сақтаған жөн:
- Жылыту маусымы басталар алдында пештер мен түтін мұржаларын жөндеп, тазалау керек. Жарық жерлерді анықтау үшін әкпен немесе балшықпен ағартып қою ұсынылады;
- Түтін мұржаларының тарту күші, бітелмеуі, тығыздығы және жанғыш бөліктерден бөлектенуі міндетті түрде тексерілуі керек;
- Пешті салу және жөндеу жұмыстарын тек мамандарға тапсыру қажет;
- Әрбір пеш жеке іргетасқа орнатылып, ағаш қабырғалардан саңылау арқылы бөлінуі тиіс;
- Оттықтың алдына өлшемі кемінде 50х70 см болатын темір табақ қағылуы қажет;
- Жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға немесе кішкентай балаларға сеніп тапсыруға болмайды;
- Пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады;
- Пешті бір жарым сағаттан артық жағуға болмайды. Тәулігіне 2–3 рет жағу жеткілікті;
- Ұйықтар алдында кемінде үш сағат бұрын пешке оттық салуды тоқтату қажет;
- Түтін мұржасын жүйелі түрде тазалап, үш айда бір рет арнайы маман (түтін мұржасын тазалаушы) шақырылуы тиіс;
- Пештің үстіне ағаш пен киім-кешекті кептіруге болмайды;
- Жиһаз бен перделер пештен кемінде 1,5 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
- Пешке ұзындығы оттыққа сыймайтын ағаштарды салуға болмайды;
- Қыс мезгілінде түтін мұржасының басын айына бір рет тексеріп, қатып қалуын болдырмау қажет;
- Есте сақтаңыз: Өрт қауіпсіздігі ережелері – адамдардың өмірімен жазылған талаптар. Оларды елемеу түптің-түбінде қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі