Президенттің атом электр станцияларын дамытуға қатысты нақты жоспары – Қазақстанның энергия қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам.

Жасыл энергия – болашақ, бірақ оны ядролық энергетикасыз толықтыру мүмкін емес. Бір ғана АЭС жеткіліксіз, әрі бірнеше станцияны қатар жоспарлау елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

«Росатоммен» және Қытаймен серіктестік — ең озық технологиялар мен халықаралық тәжірибені елімізге тартудың тамаша мүмкіндігі. Бұл Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттырады және экономиканы өркендетеді.

Көмір энергетикасын да экологиялық талаптарға сай дамыту – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен экологияны сақтау үшін маңызды.

Президенттің бастамасын толық қолдаймын, бұл – еліміздің болашағы үшін дұрыс бағыт!

Н.Давлетов,
Аудандық мәслихат депутаты